Картоп тілімдері қосылған түсті қырыққабат

Ингредиенттер
4 порция
Куркума Дәмге қарай
Картоп6 дана
Қара бұрыш Дәмге қарай
Жұмсақ сары май 
Сұрыпталған түсті қырыққабат1 қаптама
Сарымсақ3 тіс
Тұз Дәмге қарай
Пісіру
- Тұмшапешті 250℃ дейін қыздырыңыз.
 - Жұмсартылған сары майға тұз бен дәмдеуіштерді қосып, араластырыңыз.
 - Картопты жуып, тілімдерге кесіңіз.
 - Ыдысқа түсті қырыққабатты, картопты және сары майды араластырыңыз.
 - Алынған қоспаны қаңылтыр табаға қойып, 30 минут көмештеңіз.
 
Тағамды одан да қызықты ету үшін ингредиенттерге маринадталған Bonduelle қозықұйрықтарын қосыңыз.







