Бұл сайт деректерді сақтау үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз осы файлдарды пайдалануға келісім бересіз.
Баялды - тамақ дайындаудағы ең танымал және сүйікті көкөністердің бірі. Оның ішінде бәрі жақсы сияқты: дәрумендерге, минералдарға және талшықтарға бай, түсімен көзді қуантады, басқа өнімдермен тамаша үйлеседі және тамаша дәмге ие. Дегенмен, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген мақалдағыдай көбінесе баялдылар ащы болады. Ал егер сіз бәрін сол күйінде қалдырсаңыз, дайын тағамда жағымсыз дәм сезіледі. Ол алқа тұқымдастарының көкөністерінде кездесетін улы органикалық зат соланиннен келеді. Ол өнген картоп пен пісіп жетпеген қызанақтарда да кездеседі. Қабықта жиналады, бұл баялдының неге ащы екенін түсіндіреді. Айтпақшы, бәрі ді ащы болмайды. Үш негізгі себеп бар:
Егер сіз баялдыларды өзіңіз өсірмесеңіз, олардың өмірбаянын білу екіталай, бірақ сіз дұрыс емес өсірудің салдарына тап болуыңыз мүмкін. Сондықтан, тәуекелге бармау және тағамды бұзбау үшін алдын-ала дәлелденген әдістерді қолданып, баялдынан ащылықты алып тастаған дұрыс.
Егер сіз екі әдістің бірін таңдасаңыз, онда «құрғақ» жақсырақ. Ұсақ тұз сияқты, екінші жағдайда, баялдының жұмсағы тым көп ылғалды сіңіруі мүмкін, бұл жағдайда көкөніс құрылымы тым борпылдақ болып қалады.
Баялдылар ащы болып кетпес үшін оны мұздатуға болады. Немесе алдын ала мұздату- содан кейін қажетінше пайдалануға болады. Немесе , егер осы көкөніспен тағам дайындау идеясы сізге шабытпен келген болса, төрт сағат бойы мұздатуға болады. Алгоритм қарапайым: кесектерге кесеміз, тәрелкеге немесе фольгаға бір қабатпен салып, мұздатқышқа жібереміз. 4 сағаттан кейін біз оны шығарамыз, олар бөлме температурасында болғанша күтеміз, шырынын сығып, оны пісіруге жібереміз. Мұнда бір «бірақ» бар: мұздатылған баялдыларды пісіру уақытын азайту керек, әйтпесе олар пішінін жоғалтады және пюре тәрізді консистенцияға ие болады.
Ең оңай жолы - ащы сезім беретін қабықты алып тастау деп ойлау мүмкін. Өкінішке орай, бұл әрқашан да сәйкес келе бермейді. Барлық дерлік рецепттер көкөністің қабығы болуын талап етеді.
Сонымен, баялдының ащысын қалай кетіру туралы біліммен қаруланып, біз оларды іс жүзінде меңгеруді ұсынамыз. Ол үшін біздің топтамадан рецепт таңдаймыз.